Жол апатынан сондай-ақ тағы 20 адам жарақат алды
Жұма күні Бразилияның оңтүстігінде университет студенттері мен оқытушылары мінген автобус жолдан шығып кетіп, соның салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапты, сондай-ақ тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Xinhua агенттігінің жазуынша, бұл туралы жергілікті өрт сөндірушілер мәлімдеген.
Оқиға Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы Имигранти қаласындағы RSC-453 мемлекеттік тасжолында, Аргентина және Уругвай шекарасына жақын жерде болған.
«Автобуста Бразилияның жетекші мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі Санта-Мария федералды университетінің студенттері мен оқытушылары болған», - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: Абай облысында 500-ден астам бала қажетті медициналық тексеруден өткізілмеген