Тайландта көлік торабының құрылысы кезінде 5 адам қаза тапты

15.03.2025 12:23

Оқиға орнында 30-ға жуық жұмысшы болған

khaosod.co.th

Тайланд астанасы Бангкокта салынып жатқан көлік торабының темірбетон арқалығы опырылып, салдарынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Khaosod басылымының жазуынша, жазатайым оқиғадан сондай-ақ 20-ға жуық адам жарақат алған.

"Оқиға бүгін таңертең қаланы елдің оңтүстік бөлігімен байланыстыратын Рама 2 күрежолында болған. Онда осы бағыттағы көлік қозғалысын жеңілдетуге арналған жоғары жылдамдықты жол торабы салынып жатыр", - делінген хабарламада.

Көлік магистралі құрылысының бір бөлігі құлаған кезде оқиға орнында 30-ға жуық жұмысшы болған. Тасжолдың бұл бөлігінде екі бағытта да көлік қозғалысы уақытша жабылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бір жылда қанша жұп некеге тұрып, қаншасы ажырасқан