Оқиғаға қатысы болған төрт адам қамауға алынды
Түркияның солтүстік-батысында болған атыс салдарынан кем дегенде бес адам қаза тауып, тағы бес адам жараланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, оқиғаға қатысы бар делінген 4 адам қамауға алынды.
"Сакария провинциясының Сердиван ауданында көршілес екі отбасы арасында жанжал шығып, екі жақ бір-біріне тапаншадан оқ жаудырған. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам жараланды", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмылдырылғаны атап өтілді.
Оқиғаға қатысты төрт адам қамауға алынды. Айғақ зат ретінде төрт тапанша тәркіленді.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз: Жабылған жолды айналып өтпек болған: Ақмола облысында жүргізуші көлігімен суға батып кетті