Ғалымдар зерттеу нәтижелерін The Astrophysical Journal Letters журналында жариялады
Ғалымдар К2-18b планетасының атмосферасынан шығу тегі тірі ағзалардың тіршілік әрекетімен байланысты екі химиялық қосылыстың ізін тапты. Бұл өзге ғаламшарда да расымен тіршілік бар екенінің ең сенімді дәлелі болып тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.
The New York Times жазуынша, ғалымдар зерттеу нәтижелерін The Astrophysical Journal Letters журналында жариялады. Онда K2-18b Жерден 120 жарық жылы қашықтықта орналасқаны, оны канадалық ғалымдар 2015 жылы ашқаны айтылған.
2023 жылы ғалымдар Жер бетінде тірі организмдерді, оның ішінде теңіз балдырларын түзетін диметилсульфидтің (DMS) әлсіз белгілерін анықтады.
2024 жылы K2-18b атмосферасы қайта талданды. Сол кезде диметилсульфид белгілері тіпті айқын білінген.
Анықталғандай, К2-18b ғаламшарындағы DMS саны Жердегі санына қарағанда мыңдаған есе көп болуы мүмкін. Бұл осы планетаның мұхиттары тіршілікке толы болуы мүмкін екенін көрсетеді. Дегенмен мамандар нақты мәлімдеме жасауға асығар емес. Олар K2-18b ғаламшарының жай ғана ыстық тас еместігіне көз жеткізуді жөн көріп отыр.
Оқи отырыңыз: Жас футболшылар мінген автобус апаты: зардап шеккен бала Павлодарға жеткізілді