Үндістанда дауылдан үш адам қаза тапты

Фото: report.az
Фото: report.az

Табиғи апаттан зардап шеккен басқа тұрғындарды көшіру шаралары жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Фенгал" дауылынан кейін Үндістанда бірнеше штатта су тасқыны болды. Әсіресе Тамилнад штаты зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ченнай қаласында су тасқыны салдарынан кем дегенде үш адам ток соғудан қаза тапты.

"Штаттың басқа қаласында Виллупурамда бір түнде 1 400 адам эвакуацияланды", - деді аудан коллекторы. 

Табиғи апаттан зардап шеккен басқа тұрғындарды көшіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, "Фенгал" дауылды циклоны кеше түнде Үндістанның оңтүстік-шығыс жағалауына жетіп, бірқатар қала мен облысты су басты. 

Оқи отырыңыз: Жаңаөзенде оқушы қыз сыныптасын соққыға жығып, видеоға түсірген

Новости партнеров