Вашингтон әуежайының маңында шағын ұшақ өзенге құлады

30.01.2025 10:33
Victoria Prymak/unsplash.com

АҚШ астанасы Вашингтонда шағын ұшақ Потомак өзеніне құлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Апат Ақ үй мен Капитолийден оңтүстікке қарай төрт шақырымдай жерде орналасқан Рональд Рейган әуежайының маңында болды.

Әуежай рейстерді уақытша тоқтатты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған ұшақ Канзас штатынан ұшып шыққан.

Вичитадан Вашингтонға жоспарлы рейспен ұшып келе жатқан ұшақ қонуға келе жатқанда әуеде әскери тікұшақпен соқтығысты, деп хабарлады АҚШ Федералдық авиация әкімшілігі (FAA).

Әуе кемесінің түрі – Bombardier CRJ700, ол 78 жолаушыны қабылдай алады.

CNN арнасының соңғы мәліметінше, ұшақ бортында кем дегенде 64 адам, оның ішінде 60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында алаяқтар мүгедек қыздың атына несие ресімдеген