Жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы ескерту жасалмаған
Жаңа Зеландияның батыс жағалауында 6,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) жер сілкінісінің эпицентрі елден батысқа қарай шамамен 286 шақырым (175 миль) жерде болғанын хабарлады.
Жобамен 10 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісінің магнитудасы 6,2 деп анықталды.
Бастапқы мәліметтерге қарағанда, жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы ескерту жасалмаған.
Оқи отырыңыз: Оқушыларды соққыға жықты: тергеу амалдары жүргізіліп жатыр