Премьер-министрдің кеңсесінде үйлестіру штабы құрылды
Жапониядағы Ивате префектурасының Офунато қаласында орман өртінен 80-нен астам үй өртеніп, 2 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл бір аптаға жуық уақытта аймақта болған үшінші өрт. Жергілікті биліктің хабарлауынша, сәрсенбі күні басталған өрт 600 гектар жерді шарпыды. Жалын түні бойы сөндірілді. Бейсенбі күні таңертең өртті әуеден сөндіруге өзін-өзі қорғау күштерінің тікұшақтары жұмылдырылды.
Оқиға орнынан адамның күйген денесі де табылды, полиция оқиғаның өртке қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Премьер-министрдің кеңсесінде үйлестіру штабы құрылды. Министрлер кабинетінің бас хатшысы Есимаса Хаяси орталық үкімет «қажетті қолдау көрсету үшін жергілікті билікпен тығыз жұмыс істейтінін» мәлімдеді.
Офунатода бейсенбі күні мектептер мен балабақшалар жабылып, 500 үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды жергілікті билік. Қаладағы теміржол желісінің бір бөлігінде қозғалыс тоқтатылды.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, сәрсенбі күні тікұшақтарды пайдалануға қатты жел кедергі келтіргендіктен, өртті ауыздықтау жұмыстары жерден жүргізілді.
Бұған дейін, 19 ақпанда Офунатода орман өрті шығып, негізінен сейсенбі күні таңертең сөндірілді.
Сейсенбі күні көршілес Рикузентаката қаласында екінші өрт шығып, сәрсенбі күні ауыздықталды.
Соңғы өрт бірінші орынға жақын жерде болғанымен, билік екеуінің бір-бірімен байланысы бар-жоғына әлі сенімді емес екенін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: Шамалған стансасы маңындағы теміржол өткелі жабылады