Тағы 16 оқушы мен мұғалім ауруханаға жеткізілді
Таиландта 44 оқушы мен мұғалімді экскурсияға алып бара жатқан автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Утхай Тхани провинциясынан келе жатқан автобус бөгеуге соғылып, салдарынан дөңгелегі жарылып кеткен. Артынша автобустың жанармай бактары жарылып, өрт шыққан.
Алдын ала болжам бойынша 44 жолаушының 25-і қаза тапқан. Ал елдің көлік министрі Сурия Джуангрунгруангкит қаза тапқандардың саны нақтыланып жатқанын хабарлады. Тағы 16 оқушы мен мұғалім ауруханаға жеткізілді.
Құтқарушылар мен өртсөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтады. Алайда автобустағы температура жоғары болғандықтан, қаза тапқандардың денесін алып шығу мүмкін болмай тұр. Таиландтың премьер-министрі Паэтонгтарн Шинаватра қаза тапқандар туралы ақпаратты растап, қайғыра көңіл айтты.
Оқи отырыңыз: Мереке қарсаңында мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма