Коста-Рикада әлемде алғашқы болып 12 жасқа дейінгі балалар үшін міндетті вакциналау енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Енді 5-11 жас аралығындағы тұрғындар келесі жылдың наурызынан бастап екпе салдыратын болады.
Орталық Америкадағы бұл мемлекет билігі Файзер компаниясымен келісімшартқа қол қойған. Сөйтіп келесі жылы мұнда препараттың 3 жарым миллион дозасы жеткізіледі.
Оның бір бөлігі балаларға екпе салуға, қалғаны осал топқа кіретін ересек тұрғындарды қайта вакциналауға арналған.
Жалпы, халық саны 5 миллионға жуықтайтын Коста-Рикада осы күнге дейін жасы 12-ден асқан тұрғындардың жартысынан астамы екпенің қажетті екі компонентін де алған екен.