Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған тұрғындар саны 6 миллионға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Қазіргі таңда бірінші компонент 7,1 миллион адамға егілді, бұл вакциналауға жататын халықтың 71,5%. Екінші компонентті 5,9 миллионнан аса адам алды, бұл 60%-ке жуық», – деді министр үкімет отырысында.
Ол өңірлерде вакцина жеткілікті екенін атап өтті. Екпе кестеге сай жеткізіліп жатыр.
Осы орайда министр коронавирусқа қарсы жалғыз тиімді шара вакцинация екенін тағы бір мәрте айтты. Сол себепті әр қазақстандықты вакцина салдыруға және елде ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға үлес қосуға шақырды.
Айта кетері, соңғы екі аптада Қазақстанда ауру жұқтырғандар өсімі 35%-ке төмендеді. Ал соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 14%-ке, аптасына 31 мыңнан 25 мың адамға дейін азайған.