2021 жылғы 26 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 25 қазан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын 239 адам анықталды (жергілікті), оның 225-і симптомдық белгілері бар және 14-і симптомсыз.
Барлық емделіп шығарылғандар – 233, келіп түскені – 107.
Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 1 064 адам (оның ішінде 28 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 105.
ӨЖЖ – 21, инвазивті емес ӨЖЖ – 56, High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 503 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 2 406, симптомсыз 97 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін – 1 472 адам, 2-компонетін 2 481 адам вакцинацияланды.
Биылғы 1 ақпан мен 25 қазан аралығында қала бойынша 1-компонентін – 988 777 адам, 2-компонентін 917 723 адам вакцинацияланды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 120 203.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.