2021 жылдың 31 тамызындағы жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 1 259 адам тіркелді
2021 жылғы 1 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv
2021 жылдың 31 тамызындағы жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 1 259 адам тіркелді (жергілікті), оның 1207 симптомдық белгілері бар және 52 симптомсыз.
Емделіп шыққандар – 846, келіп түскені – 425.
Инфекциялық стационарларда (8 910 төсек-орын) жалпы саны 5 095 адам (оның ішінде 125 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 414.
ӨЖЖ – 69, инвазивті емес ӨЖЖ – 174, High flow-да 182 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 10 307 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 9 950, симптомсыз 357 науқас бар.
2021 жылдың 1 қыркүйекке арналған ВАКЦИНАЦИЯ бойынша ақпарат
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 4 169 адам, 2-компонентты 8 815 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-31.08.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентты 871 455 адам, 2-компонентты 733 652 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 110 236 адамға жетті.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.