2021 жылғы 9 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 8 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 79 адам тіркелді (жергілікті), оның 77-сі симптомдық белгілері бар және 2-і симптомсыз.
Емделіп шығарылғандар – 136, келіп түскені – 73.
Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 813 адам (оның ішінде 25 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 90.
ӨЖЖ – 18, инвазивті емес ӨЖЖ – 42, High flow-да 20 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 537 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 1 468, симптомсыз 69 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 1 435 адам, 2-компонетты 1 737 адам вакцинацияланды.
Биылғы 1 ақпан мен 8 қараша аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 003 255 адам, 2-компонентті 941 821 адам вакцинацияланды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 121 195.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.