Өңір арасында екпе алғандар саны бойынша Алматы қаласы, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарының тұрғындары алда
3 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 378 495 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 1 378 495 адам коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін салдырған. Ал екпенің екінші компонентін алғандар 312 197 адам. Өңір арасында екпе алғандар саны бойынша Алматы қаласы, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарының тұрғындары алда.