Алматыда бір тәулікте 9202 адам КВИ екпесін алды

coronavirus2020.kz
coronavirus2020.kz
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны 114 702 адамды құрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 9 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирус инфекцияcының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 9 қыркүйек күні жағдай бойынша коронавирус инфекциясы жұқтырған 931 адам анықталды (жергілікті), оның 894-де симптомдық белгі бар және 37 симптомсыз.

Емделіп шығарылғандар – 450, келіп түскені – 312.

Инфекциялық стационарларда (7 740 төсек-орын) жалпы саны 3 502 адам (оның ішінде 108 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 310.

ӨЖЖ – 46, инвазивті емес ӨЖЖ – 122, High flow-да 126 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 7 312 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 7 085, симптомсыз 226 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының  1-компонентін  3 790  адам, 2-компонетін 5 412  адам алды.

01.02.2021-05.09.2021 жыл аралығында қала бойынша КВИ вауцинасының 1-компонентін 903 574 адам, 2-компонентты 785 282 адам алған.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 114 702 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров