Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны 114 702 адамды құрайды
2021 жылғы 9 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирус инфекцияcының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 9 қыркүйек күні жағдай бойынша коронавирус инфекциясы жұқтырған 931 адам анықталды (жергілікті), оның 894-де симптомдық белгі бар және 37 симптомсыз.
Емделіп шығарылғандар – 450, келіп түскені – 312.
Инфекциялық стационарларда (7 740 төсек-орын) жалпы саны 3 502 адам (оның ішінде 108 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 310.
ӨЖЖ – 46, инвазивті емес ӨЖЖ – 122, High flow-да 126 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 7 312 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 7 085, симптомсыз 226 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін 3 790 адам, 2-компонетін 5 412 адам алды.
01.02.2021-05.09.2021 жыл аралығында қала бойынша КВИ вауцинасының 1-компонентін 903 574 адам, 2-компонентты 785 282 адам алған.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 114 702 адамды құрайды.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.