Алматыда бір тәулікте 10 мыңға жуық адам вакцина алды

25.06.2021 17:04

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 208 вакцинация пункті жұмыс істейді

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың 24 маусым күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 181 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 155 симптомдық белгілері бар және 26 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық емделіп шығарылғандар – 54, келіп түскені – 61.

Инфекциялық стационарларда (1 730 төсек-орын) жалпы саны 626 адам (оның ішінде 33 балалар).

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  47.

ӨЖЖ – 11, инвазивті емес ӨЖЖ – 20, High flow-да 14 аппарат жұмыс істейді.  

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 1066 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 895, симптомсыз 171 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  9 449 адам вакцина алды.

01.02.2021-24.06.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы  402 978 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер  59 590 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 208 вакцинация пункті жұмыс істейді. 307 вакцинация бригадасында 1 256 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 55 572  дозасы және екінші компоненттің 92 346 дозасы бар.