II компонентпен 4 563 841 адам салдырған
Ел бойынша вакцинаның бірінші компонентін алған адам саны 5 млн 900 мыңнан асты. Екпе алу қарқыны бойынша Алматы қаласы көш басында. Тәулік ішінде 6 мың 809 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алса, 5 мың 571 алматылық екенші компонентін салдырды. Қазіргі таңда қала бойынша 160 вакцина егу пункті жұмыс істейді. Қалыпты өмірге оралып, дәстүрлі форматтағы оқу жүйесі қауіпсіз болуы үшін ата-аналар да көпшілікті вакцина алуға шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv
Ирина Витотова балаларының келесі жылы дәстүрлі форматта оқитынына мәз майрам. Әсіресе Жоғары оқу орнында оқитын бойжеткен қызы терең біліп алып, өз мамандығын толыққанды меңгеріп шығады дейді.
«Дәл қазіргі азаматтық борышымыз вакцина алу деп білемін. Мәселен, менің жоғары оқу орнында оқитын 20 жасар қызым екпе алды. Енді ол оффлайн форматта терең білім алып, төрт қабырғаға қамалып жатпайды», – деді ата-ана Ирина Витотова
Ал, Нұр-Мүбәрәк Университетінің 2-курс студенті Ақназар Маратұлы дәстүрлі форматтағы басталатын оқу жылын асыға күтеді. Оның айтуынша, онлайн форматтағы оқу рухани дамуды шектейді. Сондықтан тақырыпты толық қамту үшін оффлайн оқудың артықшылығы көп.
«Ұстаздың алдында болғандықтан мүмкіншілік көбірек. Ал онлайнға келер болсақ, онлайн оқу біраз мүмкіншілікті тежейді. Өздеріңіз білетіндей, ұстазға деген айтар нәрсең, дүниелеріңнің біразын айта алмайсың. Өйткені ол жерде уақыт қысқа», – деді Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінің студенті Ақназар Иманғали.
Білім ордалары 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылын бастағанмен, карантин талаптарын сақтауы керек. Сондай-ақ оқу орнына кірмес бұрын, барлығы "Ашық" қосымшасымен тексерістен өтеді.
«Қазіргі таңда біздің университетіміздің 70 пайызы вакцина алды. Енді кейбір студенттеріміз тамыз айының соңына қарай келеді. Оларды да, осы індеттің алдын алу шараларын барынша іске қосатын боламыз», – деді Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев.
Қала бойынша медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, сауда орындарында және білім қабырғасында 160 вакцина егу пункті жұмыс істеп жатыр.
Оразай Нұртай, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы