Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны 114 236 адамды құрайды
2021 жылғы 7 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирус инфекцияcының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 6 қыркүйек күні жағдай бойынша коронавирус инфекциясы жұқтырған 957 адам анықталды (жергілікті), оның 915-де симптомдық белгі бар және 45 симптомсыз.
Емделіп шығарылғандар – 156, келіп түскені – 273.
Инфекциялық стационарларда (8 910 төсек-орын) жалпы саны 3940 адам (оның ішінде 113 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 362.
ӨЖЖ – 58, инвазивті емес ӨЖЖ – 149, High flow-да 170 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 8 108 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 7863, симптомсыз 245 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін 4 679 адам, 2-компонетін 6 046 адам алды.
01.02.2021-05.09.2021 жыл аралығында қала бойынша КВИ вауцинасының 1-компонентін 891 775 адам, 2-компонентты 767 359 адам алған.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 114 236 адамды құрайды.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.