Бүгінгі күні қалада вакцинаның бірінші компоненттің 30 699 дозасы және екінші компоненттің 53 279 дозасы бар
2021 жылдың 27 мамыр күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 279 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 235 симптомдық белгілері бар және 44 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлық емделіп шығарылғандар – 228, келіп түскені – 67.
Барлық инфекциялық стационарларда (5 940 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 1 897 адам (оның ішінде 57 балалар).
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 141.
ӨЖЖ – 23, инвазивті емес ӨЖЖ – 56, High flow-да 34 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 2 092 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 787, симптомсыз 305 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 2 358 адам вакцина алды.
01.02.2021-27.05.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 296 286 адам вакцинацияланды.
Енді қазақстандықтарда үш препараттың ішінен КВИ-ға қарсы вакцинаны таңдау мүмкіндігі бар.
Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 307 вакцинация бригадасында 1 256 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.
Бүгінгі күні қалада вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 30 699 дозасы және екінші компоненттің 53 279 дозасы бар.