Ол өзіне және туыстарына төлқұжат сатып алғанын мойындады
Вакцинация паспортын сатып алған Павлодар қаласының тұрғыны жансақтау бөлімде жатыр. Бұл туралы Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол өзіне және туыстарына төлқұжат сатып алғанын мойындады.
«Кардиологияда жалған төлқұжат алған әйел жатыр. Ол өзіне және туыстарына төлқұжат сатып алғанын мойындады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр. Жасанды желдету аппаратына қосылған», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов.
Спикер өңір тұрғындарын жалған вакциналау паспортын алмауға шақырады.