Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 121 380
2021 жылғы 10 қарашаға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 9 қараша күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын 134 адам жұқтырған (жергілікті), оның 130 симптомдық белгілері бар және 4 симптомсыз.
Емделіп шығарылғандар – 112, келіп түскені – 99.
Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 793 адам (оның ішінде 20 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 86.
ӨЖЖ – 16, инвазивті емес ӨЖЖ – 45, High flow-да 20 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 506 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1 442, симптомсыз 64 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 1 468 адам, 2-компонетпен 2 030 адам вакцинацияланды.
Биылғы 1 ақпан мен 9 қараша аралығында қала бойынша 1-компонентті –1 004 163 адам, 2-компонентпен 943 851 адам вакцинацияланды.
Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 121 380.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.