2021 жылғы 8 қыркүйекке арналған вакцинация және коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv
2021 жылдың 7 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 911 адам тіркелді (жергілікті), оның 872 симптомдық белгілері бар және 39 симптомсыз.
Барлық емделіп шыққандар – 521, келіп түскені – 379.
Инфекциялық стационарларда (7 705 төсек-орын) жалпы саны 3 754 адам (оның ішінде 116 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 339.
ӨЖЖ – 58, инвазивті емес ӨЖЖ – 137, High flow-да 168 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 7 735 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 7 501, симптомсыз 234 науқас бар.
2021 жылдың 8 қыркүйекке арналған ВАКЦИНАЦИЯ бойынша ақпарат
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 4 184 адам, 2-компонетты 6 455 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-07.09.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентты 895 959 адам, 2-компонентты 773 814 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 114 440 адамды құрайды.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.