Қазақстанда 13 мемлекеттің екпе төлқұжаты жарамды деп танылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, енді Аргентина, Иран, Армения, Беларусь, Сан-Марино мен Түркия, сондай-ақ, Эстония Республикалары азаматтарының вакциналау паспорты ел аумағында жарамды болмақ.
Ал бұған дейін бұл тізімде 7 ел болған еді.
Қазақстанда екпе құжаты жарамды елдер тізімі:
Аргентина
Мажарстан
Грузия
Иран
Армения
Беларусь
Молдова
Сан-Марино
Қырғызстан
Моңғолия
Таиланд
Түркия
Эстония