Қазақстанда қандай елдердің вакцина төлқұжаты жарамды – жаңа қаулы

07.10.2021 19:15

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды

ipn.md

Қазақстанда 13 мемлекеттің екпе төлқұжаты жарамды деп танылды, деп хабарлайды Almaty.tv.     

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, енді Аргентина, Иран, Армения, Беларусь, Сан-Марино мен Түркия, сондай-ақ, Эстония Республикалары азаматтарының вакциналау паспорты ел аумағында жарамды болмақ.

Ал бұған дейін бұл тізімде 7 ел болған еді.

Қазақстанда екпе құжаты жарамды елдер тізімі:

Аргентина

Мажарстан

Грузия

Иран

Армения

Беларусь

Молдова

Сан-Марино

Қырғызстан

Моңғолия

Таиланд

Түркия

Эстония