Алматыда бір тәулікте 11 мыңнан астам адам вакцина салдырды

18.08.2021 19:22

Коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін 6 027 адам салдырды

progorodsamara.ru

Алматы қаласында бір тәулікте 11 472 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

«17 тамыз күні 5396 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін 6 027 адам салдырды, II компонентін салдырғандар саны - 5273. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 17 тамызы аралығында қалада барлығы 823 223 адам вакцина алды. Вакцина салдырғандардың ішінде 108 775 адамның жасы 60-тан асқан», – деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.

«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункттері жұмыс істейді», – деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.