Вакцина салдырмаған қызметкерлер жеті күн сайын ПТР-тест тапсыруы қажет
Қазақстанда бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес екі компонентті міндетті вакцинациялау мерзімі 1 қыркүйекте аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құжатқа сәйкес, Ерлан Қиясов халықпен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлерге екпенің 1-компонентін 2021 жылдың 15 тамызына дейін, ал COVID-19 вакцинасының 1-компонентін 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін салдыру туралы шешім қабылдаған еді.
Вакцина салдырмаған қызметкерлер жеті күн сайын ПТР-тест тапсыруы қажет, әйтпесе жұмыс берушілерге айыппұл салынуы мүмкін.