Pfizer вакцинасы Алматыға қашан жеткізіледі

07.10.2021 19:54

Вакцинаны оқушылар мен студенттер де ала алады

Фото из открытых источников

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев Pfizer вакцинасының Алматыға қашан жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.     

«Pfizer вакцинасы 4 -тоқсанға жоспарланған болатын. Алматыда 20 қазаннан кейін жоспарланған. Алматы үшін әлі де 130-дан 160 мың дозаға дейін вакцина әкелу жоспарланған. Бірақ Алматыға квота бөлу туралы мәселесі әлі де нақтыланып жатыр», - деді ол.

Ал қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Pfizer вакцинасын балалардың да ала алатынын айтты.


«Pfizer вакцинасы келгеннен кейін 306 мың оқушы мен студенттерді вакцинациялай аламыз. Бұл иммундық қабатты арттыруға мүмкіндік беріп, аурудың төмендеуіне әсер етеді», - деді Жандарбек Бекшин.

Еске салсақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цой Pfizer вакцинасының 4 миллион дозасын алу туралы келісімге қол қойылғанын мәлімдеген болатын.