Алматыда коронавирус індеті күннен күнге үдеп барады. Мұнда соңғы тәулікте 1558 адам ауруды жұқтырған. Ал қауіпті дерттің түрленген жаңа штаммы жастар арасында тез таралып жатыр. Сондықтан Еуропа елдері мен Америка екпені балаларға да салып бастаған. Бүкіл әлем күрес жүргізіп жатқан аса ауыр індеттен құтылу үшін екпе салғызған абзал дейді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов, деп хабарлайды Almaty.tv
Ол мүмкіндігінше өзін-өзі оқшаулап, барлық сақтық шараларды қатаң сақтауға шақырды.
«Вакцина алмай бұл індетті жеңе алмаймыз. Соны түсіну керек. 20 жылдары оба ауруы болған кезде, бір өзеннің бойында арғы бетте 2 ауыл, бергі бетте 1 ауыл тұрған. Бергі беттегі 1 ауыл түгелімен екпе алған, ана 2 ауыл қарсы болып, алмаған. Сонда 2 ауылдың барлық халқы қырылып қалған. Міне, осындай өте қауіпті нәрседен сақтану үшін бізге вакцинаны алу керек», – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов.