Алматы «Төле би» мешітінің ұстазы Бауыржан Көптілеуов вакциналардың арқасында мыңдаған адамның өмірін сақтап, ұжымдық қызметтерге тезірек оралуға болатынына сенімді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Б. Көптілеуов вакциналар қоғамды құтқару үшін жасалған деп есептейді.
«Қастандық теориясына сенбеу керек, дін мәселелерінде имамдарды, медицина мәселелерінде дәрігерлерді тыңдау керек. Қазір коронавирустың төртінші толқынының шыңы жақындап келеді, адамдар жаппай ауырады, қысқа мерзімде халықты вакциналау керек. Адам өмірін сақтау және құтқару үшін жасалып жатқан барлық істерге шариғат тыйым салмайды, керісінше, құпталады», – деді «Төле би» мешітінің ұстазы.
Сондай-ақ, пайғамбарымыздың с.ғ.с «Өзіңе де өзгеге де зиян тимесін» деген хадисін еске салды.
Сөз соңында, дін қызметкері шариғатқа сәйкес, егер адам бір өмірін сақтап қалса, бұл бүкіл әлемді құтқарумен тең, сондықтан бір-біріңізді санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға, бетперде тағуға шақыруыңыз керек.
Тиісті мәлімдемеде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы адал мұсылмандарды жақындары мен бауырларының денсаулығы мен өмірін сақтау үшін вакцинадан өтуге шақырды.
«Өздеріңіз білетіндей, біздің елімізде және әлемде індетпен байланысты жағдай күрделі. Күн сайын бір отбасынан бірнеше адам жұқпалы аурудан қайтыс болады. Бұл вакцинаның қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан денсаулығымыз бен өмірімізді сақтап қалу үшін вакцинадан өтуге шақырамыз», – делінген ҚМДБ хабарламасында.