Қазақстанда жүкті әйелдерге КВИ екпесін салуға рұқсат беріле ме

28.06.2021 22:12

Алматы қаласы вакцина алғандар саны бойынша рекорд жаңартты

iStock

Бұған дейін Ресейде жүкті әйелдерге «Спутник-V» вакцинасын егуге рұқсат етілгені айтылған болатын. «Елдегі жүкті әйелдер коронавирус инфекциясынан қалай қорғанады?» деген сұраққа Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біз Ресейде рұқсат етілгені жайында естідік. Әзірге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мұндай нұсқаулық түскен жоқ. Бұл мәселе әлі де зерттелу үстінде», – деді Н. Табынбаев.

Бүгін Алматы қаласы вакцина алғандар саны бойынша рекорд жаңартты. 24 сағат ішінде 11 мыңнан астам азамат коронавирус екпесін алған. Вакцина алғандардың  жалпы саны 433 000-нан асты. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, соңғы күндері вакцинация орталықтарына келіп жатқандардың көбі жастар.