Almaty.tv қызметкерлері «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын алды

Almaty.tv
Almaty.tv
Осыдан тура 21 күн бұрын «Алматы» телеарнасының қызметкерлері алғашқылардың бірі болып вакцина алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаппай вакцинациялау науқаны жалғасуда. Соңғы бір тәулік ішінде коронавирус екпесін алған халық саны 6311 адамға жетті. Әсіресе, ниет білдірушілер арасында 60 жастан асқан қариялар қатары көбейген. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Аяулым Көлжігіт тарқатады. 

Шаһарда коронавирусқа қарсы екпені алғандарды ревакцинациялау науқаны жүруде. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының мәлімдеуінше, тек соңғы тәулік ішінде 6311 қала тұрғыны екпе алған. Ниет білдірушілер арасында қариялар қатары да артып келеді.

«Тәні саудың – жаны сау» дегендей әр адам өзінің денсаулығын бағалау керек. Мен бірінші рет алған кезде де, кейін де жақсы әрі жеңіл өтті», – деді қала тұрғыны.

Осылай, бүгінге дейін мегаполисте 238 606 алматылық вакцина алған. Оның 30 мыңнан астамы 60 жастан асқан азаматтар екен. Екпенің екінші компонентін алуға бүгін «Алматы» арнасының ұжымы да белсене қатысты.

«Екінші вакцина салуға келіп тұрмын. Қазір жағдайым жақсы. Бәріміз жанұямызбен келіп, вакцина алып жатырмыз. Осы қоғамға айтарым, бұрынғы қалпымызға келуіміз үшін вакцина алуға келіңіздер», – деді «Алматы» телеарнасының қызметкері Жадыра Асылбекова.

Қазір қалада 214 егу пункті - медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт мекемелерінде, базарлар мен сауда ойын-сауық орталықтарында жұмыс істеп тұр.

«Таңдау бар вакцинаға. Келушілер өзі қандай вакцина салдырамын десе, өздері біледі. Бізде ресейлік «Спутник V» бар және «Әл-Хаят» вакцинасы бар. Шыны керек, екеуінде аса бір айырмашылық жоқ. Мына ресейлік вакцинада егу аралығын 21 күннен 90 күнге дейін созса болады. «Әл-Хаятта» 21 күн сақталынады», – деді №17 қалалық емхананың онколог-дәрігері Жансая Құдабаева.

Бұл орталықта егу жұмыстары 9 сәуірде басталған. Қазір ревакцинация жүруде. Жалпы 25 сәуірден бері қалада 2 870 адам QazVac вакцинасын алыпты. 3 мамырда қалаға Қытайдан «Sinopharm» екпесінің 30 мың дозасы келіп, оны 240 алматылық ектірген. Ал, 5 мамырдан бастап, «Hayat-Vax» вакцинасын 240 азамат салдырған.

Аяулым Көлжігіт, Мұрат Тайжанов,«Алматы» телеарнасы

Новости партнеров