Халықтың вакцина алуы – Басты назарда

14.05.2021 04:37

Мамандар вакцинацияға қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді

Алматыда 262 мыңнан астам азамат коронавирус вакцинасын алды. Бұл көрсеткіш күн сайын өсіп келеді.  Сонымен қатар, вакцина алмаған азаматтар арасында вакцинаның тиімділігі немесе жанама, кері әсері туралы сұрақ көп.  

Осы және өзге де вакцинацияға байланысты сұрақтарға дәрігерлер «Алматы» телеарнасының «Басты назарда» бағдарламасында егжей-тегжейлі жауап берді.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев, №8 емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева, № 36 емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген тікелей эфирде көрермендердің сұрақтарын жауапсыз қалдырмады.