Елімізде «Цифрлық сот орындаушы» іске қосылғалы бері 109 мыңнан аса атқарушылық іс қозғалып, азаматтар 550 миллион теңге үнемдей алған. Бұдан бөлек, қазір халыққа заң тұрғысынан онлайн режимде көмек көрсететін «E-ZanKomegi» ақпараттық жүйесі жұмыс істеп тұр. Әділет министрлігі саланы барынша цифрландырып, жасанды интеллектіні қолдануға көшкен. Ал Алматыда бұл шаруалар қалай жүзеге асып жатыр? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева жауап береді.
Толығырақ бейнематериалдан көре аласыздар