Республика күні тарих пен тағылым кең дәріптелуі тиіс

kaz.caravan.kz
kaz.caravan.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республика күні – тарихи маңызды дата. Оның мәні Декларацияның қабылдануында ғана емес. Бұл күн – ел жадында егемендікке алғаш боп жасалған нақты қадам болғанымен ерекше. Өнер өкілдері айтулы күн айрықша аталып өтілуі керегін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ең қастерлі мереке – Тәуелсіздік күні болса, одан кейін Республика күні ғой. Себебі, Тәуелсіздік күні біздің тәуелсіздігімізді алған күніміз, әрі кішкене қайғыдан қан жұтып, боздақтарды еске алатын күн. Ал Республика күні нағыз елдігіміздің мемлекетшілдігін, еліміздің егемендігін тойлайтын, жарияға жар салатын күн деп ойлаймын», – деді  әнші, актер Мақсат Рахмет

Ұлттық мерекенің сипаты да ұлттық болуы керек дейді өнерпаздар. Өйткені, Республика күні - республика жұрты үшін маңызды дата. Бұл күні тарих пен тағылым кең дәріптелуі тиіс.

«Бұл күнді атап өтуде тек қана ойын-сауық, ән кеші, отшашулар емес, маңызыды  ұрпаққа пайдасы тигізетіндей өнеге болу керек,  Ұрпақ Республика күнін қалай тойлайды? Бір-бірімен бокал соғыстырып жүре ме?   Жоқ, олай емес. Біздің ұлттық нақышымыз, ұлттық бойтұмарымызды әлемге паш ететіндей, біз осындай елміз, осындай текті халықпыз деген дүниені алып келу керек», – деді әнші, композитор Ұшқын Жамалбек.

Новости партнеров