Әуежайдағы оқиға: Мұса Әбдірайымов қорғаушының өтінішін түсінбегенін айтты

Қорғаушы оны жәбірленуші деп тануды өтінген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түрксіб аудандық соты әуежай қызметкерін кепілге алған азаматқа қатысты істі прокурорға қайтарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдіктіге тағайындалған бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалып, қамау мерзімі 1 айға ұзарды. Судьяның сөзінше, азамат өзіне тағылған айыппен толық келіспеген.

Айта кетейік, зейнеткерге қатысты іс  кепілге алу, қару қолдана отырып бұзақылық жасау және терроризм актісі туралы жалған хабар беру баптары бойынша қаралып жатыр. Бүгінгі сот отырысы әуежай қызметкерінің орнына өзін кепілге алуды сұраған Мұса Әбдірайымовтың адвокатының өтінішін қараудан басталды. Қорғаушы оны жәбірленуші деп тануды өтінсе, Әбдірайымовтың өзі денсаулығына ешқандай зақым келмегенін айтып, тек куәгер ретінде тағайындауды сұрады.

"Куәгер ретінде келіп отырмын. Адвокат мырза екеуміз бір-бірімізді түсінбей қалдық. Бұл салада жүрмегеніктен, кейін біліп жатырмын. Мен жәбірленуші емес, куәгер ретінде келдім. Басқа ойым жоқ", – деді қала тұрғыны Мұса Әбдірайымов.

 Алматы әуежайында жолаушы қызметкердің шашынан тартып, көпшілік алдында пышақ кезенгенін, еске салайық. 

 

 

 

 

 

Новости партнеров