Оқиға 2 қаңтарда Шымкентте болған
Полицейді көлігімен сүйреп кеткен азамат 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға 2 қаңтарда Шымкентте болған. Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жүргізушіні тәртіп сақшысы байқап, хаттама толтырайын дегенінде ер адам көлікке мініп, қашуға тырысқан. Полиция қызметкері оны тоқтатпақ болғанда, тізгіндегі адам оны бірнеше метрге сүйреп әкеткен. Кейіннен күдіктінің есірткі қолданғаны анықталыпты. Оның үстінен «Билік өкіліне қарсы күш көрсету» бабымен қылмыстық іс қозғалған.
«Жеңілдететін, ауырлататын мән-жайларды анықталғанда, сотталушы кінәсін толық мойындады. Жасөспірім балаларының бар екенін сот назарға алды. Ол рөлде отырған кезде есірткі затпен мас халде айдаған. Сот оны анықтап, қатаң жаза тағайындады», – деді судья Сәбит Төреханов.
Оқи отырыңыз: Әуежайдағы оқиға: Мұса Әбдірайымов қорғаушының өтінішін түсінбегенін айтты