Айгүл Иманбаева қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

19.10.2022 22:45
Almaty.tv

Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар 17 қазанда басталды. Қазір елге танымал өнер адамдары қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтап бастады. Соның бірі - белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева.

Әнші отанын, егемендігін сүйетін, оны қадірлей білетін азаматты тәрбилесем, менің ұлтыма адал қызмет еткенімнің белгісі дейді.

"Еліміздің тәуелсіздігіне елен етпейтін, рухы биік қазақ жоқ деп ойлаймын. Республика күні - ұлы мереке. Мен ұрпақ, шәкірт тәрбиелеп отырған адаммын. Отаның, егемендігін сүйетін сондай-ақ оны қадірлей білетін азаматты тәрбилесем, менің ұлтыма адал қызмет еткенімнің белгісі. Жер бетінде өзіннің ұлтына, еліне және жеріне жететін бақыт жоқ шығар", - деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.