Жарияға жар салатын мереке - Мақсат Рахмет

15.10.2022 23:52
Almaty.tv

"Бұл мереке мән-мазмұны жағынан ең негізгі мерекелердің қатарына кіруі керек". Осылай деген әнші, актер Мақсат Рахмет “Алашұлы” тобы атынан қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бұл мереке - мән-мазмұны жағынан ең негізгі мерекелердің қатарына кіруі керек. Себебі ең қастерлі мерекеміз Тәуелсіздік күні болса, одан кейін Республика күні деп білемін. Бұл еліміздің мемлекетшілдігін, егемендігін тойлайтын, жарияға жар салатын мереке деп ойлаймыз. Осы орайда, бұл сәтті пайдаланып, барлық отандастарды, қазақстандықтарды осындай бір қастерлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ел тірегі тыныш болсын. Алла тағала соғыстан сақтасын. Табиғат апаттарынан сақтасын. Егемендігіміз мықты болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Көк байрағымыздың астында әрқайсымыз алға қойған мақсаттарымызға жете берейік. Барлығыңызға “Отан отбасыдан басталады” дегендей отбасыларыңызға  ынтымақ, береке, бірлік тілеймін. Ұл-қыздарыңыз үміттеріңізді ақтасын. Шын жүрегімнен “Алашұлы” тобы атынан қастерлі, қайта оралған Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын", - деді әнші, актер Мақсат Рахмет.