25 қазан – бақ боп келген ерекше күн

25 қазан – бақ боп келген ерекше күн
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«25 қазан – бақ боп келген ерекше күн!». Әнші, композитор Ұшқын Жамалбектің айтуынша, республикамызды, заңымызды, бойтұмарымызды жақсы көретін болсақ, басқа ұлт өкілдері де сыйлайды, сол себепті де бұл мерекенің маңызы зор.

«Республика күнінің маңызды өте жоғары деп ойлаймын. Республика деген атының өзі айқындап тұр. Пешенемізге бақ боп келген ерекше күн! Ұмыт болған күн еді. Биыл жаңа көзқараспен қазақтың бірлігі деп қабылдасақ. «Өз бетін аямаған, кісі бетін шиедей қылады» дейді  қазақ. Сондықтан біз  республикамызды, заңымызды, бойтұмарымызды жақсы көретін болсақ, басқа ұлт өкілдері де сыйлайды», – деді әнші, композитор Ұшқын Жамалбек.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.

Новости партнеров