Полиция өкілдері аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді
Қарағанды облысының тұрғындары арасында "қалада маньяк жүр" деген жалған ақпарат мессенджерлер арқылы таратылып жатыр. Аталған дереке қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Тұрғындар желі арқылы жас жігіттің адамдарға шабуыл жасап жүргенін, тіпті кейбіреуі оның бір қызды өлтіргені туралы қауесет таратқан.
Алайда полиция өкілдері аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Қарағанды облысы Полиция департаменті мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа да ақпараттық ресурстар арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды, үрейге бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз”, - делінген ПД хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Интернет-алаяқтық: Атырауда 80 млн теңге жымқырған әйел ұсталды