Олжас Бектенов ел экономикасы құрылымындағы геологияның маңыздылығын атап өтті
Кәсіби мереке – Геолог күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов геология саласының мамандарына мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv UKIMET-ке сілтеме жасап.
Биыл Геолог күні Жұмысшы мамандықтар жылы аясында атап өтіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сала өкілдерінің еңбегін жоғары бағалау мақсатында «Қазақстанның еңбек сіңірген геологі» жаңа құрметті атағы берілді.
«Биыл еліміздің тарихында алғаш рет геологтерге арналған мемлекеттік награда енгізілді. Бұл – Мемлекет басшысының еліміздің экономикалық дамуына қосқан сіздердің үлестеріңізге деген жоғары бағасы. Мамандардың жаңа буынына баға жетпес білім, тәжірибе және кәсіптің үздік дәстүрлерін үйреткен сала ардагерлеріне ерекше алғыс айтамыз», — деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр ел экономикасы құрылымындағы геологияның маңыздылығын атап өтті.
2024 жылға Қазақстан аумағының геологиялық барлау көлемі 2 млн шаршы км-ден асады, бұл жалпы алаңның шамамен 74%-ын құрайды. Мемлекеттік геологиялық барлау жұмыстары есебінен өткен жылдың қорытындысы бойынша 38 жаңа перспективалы кен орны анықталды. 2025 жылы Қарағанды облысында сирек жер металдарының қоры 800 мың тоннадан асатын Күйректікөл учаскесі ашылды, ал болжамды ресурстар, оның ішінде церий мен лантаноидтар 935 мың тоннадан асады деп бағалануда.
Олжас Бектенов бүгін Мемлекет басшысы геологиялық қоғамдастықтың алдына көмірсутек әлеуетін тереңдетіп зерттеу бойынша маңызды міндеттер қойғанын атап өтті. Қазақстанда 15 шөгінді бассейн анықталған, олардың ішіндегі ең ірісі Каспий маңы болып саналады – оған елдің ресурстық базасының шамамен 80%-ы тиесілі. Аз зерттелген бассейндерді игеру ресурстық базаны ұлғайту және инвестициялар тарту үшін айтарлықтай перспективалар ашады.
Сала үшін жоғары білікті мамандар даярлауға баса назар аударылуда. Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын өндіріспен біріктіріп, студенттер жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу нысандарында тәжірибеден өтуде. Қабылданған қолдау шараларының нәтижесінде соңғы 2 жылда түлектер саны 2 еседен астам өсті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылдан бастап геологиялық жұмыстарды қаржыландыру көлемі артады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің геология саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін:
«Қазақстанның еңбек сіңірген геологі» құрметті атағы:
«Құрмет» ордені:
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:
«Ерен еңбегі үшін» медальдары табысталды:
Оқи отырыңыз: "Баянауыл" ұлттық табиғи паркіндегі өрт толықтай сөндірілді