Білезігін сыйға тартты: Димаш Құдайберген ақтаулық жанкүйерімен арнайы кездесті

ze_atyrau_region
ze_atyrau_region

Ақтау қаласында өткен концертінде әншінің әндерін жан-тәнімен қосыла шырқаған көрермен желіде көптің жүрегін елжіретті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кеше Ақтау қаласында өткен «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» концертінде Димаш Құдайбергеннің әндерін жан-тәнімен қосыла шырқаған көрермен желіде көптің жүрегін елжіретті. Концерттен соң, Димаш Құдайберген ақтаулық 23 жастағы жанкүйерімен арнайы кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Димаш Құдайберген оның қолдауына алғысын айтып, қолынан алды. Естелік болсын деп білезігін сыйға тартты.

 

« Шығар алдында сенің бейнежазбаңды көрдім.  Ағаларыма рақмет, өтінішімді жерге қалдырмай, сені тауып берген.  Шығармашылығыма болысып жүргеніңе, рақмет!», – деді Димаш Құдайберген. 

Арбада отырған жігіт бала күнінен Димаштың әнін тыңдағанын, жүздесуді армандағанын айтты. 

«Бүгін – бақытты күндерімнің бірі. Бұрын Димашты сахнадан, телеарнадан ғана көрсем, енді жақыннан көріп тұрмын. Арманым орындалды», – деп ағынан жарылды ол.

Оқи отырыңыз: Ақтауда концерт кезінде жүзден астам бала жоғалып кетті

Новости партнеров