Тәуелсіздікпен қатар келген туған күн: 92 жасқа толған Бибігүл Төлегенова халықты ұлық мерекемен құттықтады

Almaty.tv
Almaty.tv
Тәуелсіздік күнімен қатар бүгін саф өнерімен талайды таңдай қақтырған мэтр Бибігүл Ахметқызының туған күні
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Тәуелсіздікпен қатар келген туған күн.  92 жасқа толған қазақтың әйгілі әншісі, саф өнерімен талайды таңдай қақтырған бұлбұл үнді Бибігүл Төлегенова халықты ұлы мереке –  Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Алматы" телеарнасының тікелей эфирінде арнайы сұхбат берген әнші қазақстандықтарды қастерлі мереке  – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өзіне жылы лебізін білдіріп жатқан қазақстандықтарға алғысын білдірді. ЮНЕСКО-ның 20 ең атақты әйелдерінің тізіміне енген өнер иесін алғашқылардың бірі болып еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтаған. 

"Елімізде тыныштық болсын! Іштегі даудан, сырттағы жаудан сақтасын бізді. Пандемиядан аман-есен шықсақ екен. Жортқанда Қызыр жолдасымыз болып, алыс сапарлардан олжалы, табысты оралып, туған-туыс, бала-шағамен қауышуды бұйыртсын! Бүгін осындай эфирге шақырған "Алматы" телеарнасына алғысымды айтамын. Елімізде жақсылық көп болсын!– деді бұлбұл әнші. 

 Арнайы сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар. 

Новости партнеров