Алматыда мүсінші Т. Бинашевтің 65 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Зиялы қауым өкілдері азаматты мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Көркемөнер академиясының академигі, мүсінші Тілеуберді Бинашевтің 65 жылдығына орай «Дала дауысы» көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv

Оған шебердің «Дала дауысы 2», «Қажымұқан»,  «Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би», «Отан отбасынан басталады» сынды жұмыстары қойылған. Зиялы қауым өкілдері азаматты мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті. Оның туындылары бүгінде шет елде де сұраныс тудырып жатыр. Шара Егемендіктің 30 жылдығы мен қала күніне орай ұйымдастырылды. 

«Мен өзім жасаған мүсіндерім авторлық мүсін. Ол еш жерде сатылмайды. Данасы өзімде ғана бар. Оны Мәскеуден, Балтық жағалауынан, Түркиядан келген азаматтар келіп, құнын түсініп шетелге алып кетіп жатыр», – деді  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тілеуберді Бинашев.

Ал, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Көркемсурет Академиясының академигі, Журналистер одағының мүшесі Жанұзақ Мүсәпірдің «Құдіретім ҚЫЛҚАЛАМ!» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Мұнда өзінің алпысқа жуық туындысы қойылған. 

«Осы жерде көрме өткізіп отырғаныма өзімді де бақытты санап отырмын. Бұл – әр суретшінің арманы. Және бұл көрмені мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнағаным ол да менің Тәуелсіздікке қосқан үлесім деп ойлаймын», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанұзақ Мүсәпір. 

Новости партнеров