Алматылықтардың шамамен 15-17%-ы COVID-19 індетіне байланысты тест тапсырды – Б. Сағынтаев

Алматылықтардың шамамен 15-17%-ы COVID-19 індетіне байланысты тест тапсырды – Б. Сағынтаев
«Алматы» арнасындағы Akimat Live бағдарламасы эфирінде қала әкімі сұрақтарға жауап берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға қазіргі эпидемиологиялық ахуал және COVID-19-бен күресу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv

«Алматы» арнасындағы Akimat Live бағдарламасы эфирінде қала әкімі Б.Сағынтаев коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі өзекті сұрақтарға жауап берді.

Ағымдағы жылдың 5 тамызындағы жағдай бойынша Алматыда COVID-19-тің 12641 жағдайы тіркелді. Тәулік ішінде 176 жаңа жағдай анықталды. Барлығы 7590 адам емделіп шықты, бұл науқастардың 60%-ын құрайды. Тәулік ішінде 504 адам емделіп шықты. Осы уақыт ішінде алғаш рет оң үрдіс байқалды, онда сауығып шыққандардың саны ауруханада жатқандардың санынан 3,3 есе артық.

Барлық деңгейдегі дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында жүзден астам науқастың жағдайы тұрақталып, олар жансақтау бөлімінен палаталарға ауыстырылды.

Вирусты жедел жұқтырушыларды анықтау үшін Алматы қаласының әкімі бүгінгі күні зерттеу жұмыстарының қарқынды жүргізілгенін, зертханалардың қуаттылығы 2,5 мыңнан 9,5 мыңға дейін артқанын, зерттеу көлемінің күніне 19,5 мыңға дейін ұлғайғанын атап өтті.

Бүгінгі күні шамамен 435 мың зерттеу жүргізілді. Яғни, қала тұрғындарының шамамен 15-17%-ы тесттен өтті. 100 мың тұрғынға шаққанда бұл Еуропа елдерінде өткізілген тестілеу деңгейіне сай.

«Біз үшін медицина ұйымдарына түсетін жүктеменің нақтылы көрінісін көру маңызды. Яғни, дәрі-дәрмектердің қажетті қорын құру, дәрігерлерге түсетін жүктемені есептеу және т.б. Бұл көрсеткіштер барынша нақты болса, КВИ-мен күрестің пәрменділігі артады», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Осыған байланысты, 2 көпсалалы ауруханалар біртіндеп қалыпты жұмыс режиміне оралуда, бұлар №4 және №7 қалалық клиникалық ауруханалар.

Сонымен қатар, пандемияның жаңа толқынына дайындық аясында ауыр науқастар үшін бірінші эшелондағы инфекциялық стационарлардағы төсек-орындардың қуаттылығы 1015-ке ұлғаяды. Сондай-ақ, тамыз айының соңында 500 орынды жаңа аурухана іске қосылады. Қыркүйек айының ортасына дейін 300 орынды жедел салынатын жұқпалы науқастар ауруханасы, жеке инвестициялар есебінен 1 қазанға дейін екі қонақүй базасында 215 орынды толыққанды ковидті клиникалар іске қосылады.

Новости партнеров