Аяп Ыдырыс: «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» фильмі жас ұрпаққа өте қажет

almaty.tv
almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай түсірілген «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильмнің жастардың тәрбиесі мен болашағы үшін маңызы зор. Бұл туралы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Аяп Ыдырыс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Фильм өте сәтті шыққан. Желтоқсан оқиғасына байланысты біраз дүниені қамтыған. Көріп отырып, көзіме жас келді. Кезінде қолы сынып, жатақханадан шыға алмай, дәрігерге бара алмай жатқан қаншама бала болды. Соның бәрі киноны көріп отырып, көз алдыма елестеп кетті. Фильм өте әсерлі болды, ер азамат болып, жыламаймын десем де, көзімнен жас шығып кетті. Мұндай керемет туындылар өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өте қажет. Мұның өзіндік тәрбиелі құны бар. Бұл – ұлттық сана сезімді дамытуға бірден-бір үлес қосатын фильм болып есептеледі», – дейді Желтоқсан оқиғасына қатысушы Аяп Ыдырыс.


Новости партнеров