Сондай-ақ ол жанжалдың қалай басталғанын айтты
Талдықорған қаласында жасөспірімнің өлімімен аяқталған қылмысқа байланысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Прокурор сотталушылардың толық тізімін оқып шықты. Сотталушылар: Шынасыл Абзал Нұрғалиұлы, Сәкиев Равил Магомедович, Белғажаев Шыңғыс Айдосұлы, Әскентай Дархан Дарханұлы, Оқтаубаев Нұрбол Мұратбекұлы, Ілиясов Нұрқияс Төлепбекұлы, Оқтаубаев Азамат Маратбекұлы, Қалиахмет Дидар Еркінұлы, Ысқақов Думан Қайдарұлы.
Сондай-ақ ол жанжалдың қалай басталғанын айтты.
Автокөлік арқылы Тоқтаубаев, Ілиясов және олармен бірге жүрген қыздар Нұрбекова мен Жақсыкелді "Қамажай" дүкеніне қарай шыққан. Ал Шынасыл Euphoria кафесінің алдында тұрған танысы Әшірбаевтың басқаруындағы көлікпен олардың артынан жүріп отырған. Жоғарыда көрсетілген тұлғалар "Қамажай" дүкенінің алдына келмей тұрып, сол уақытта кәмелетке толмаған Полат өзінің достары Сейсенбайды және кәмелетке толмаған Ахмет... және Махмет Алдиярды қолдау білдіру үшін "Қамажай" дүкеніне шақырған. Ш.Полаттың шақыруы бойынша олар түнгі сағат 00:34 уақытта жалдалмалы автокөлікпен "Қамажай" дүкенінің алдына келген. Осылайша жоғарыда жиналған адамдар бір топ болып тұрған, - дейді прокурор Ержан Құрақбаев.
Құрақбаев күдікті пышағын пайдаланып, Шерзат Полатты қазаға ұшыратуды ойлағанын айтты.
Өз қылмыстық ойын іске асыру үшін Шынасыл Полатты көре тұра, Нұрымов пен анасы, әжесі жүргеніне қарамастан, солардың көзінше жүрек тұсына қасақана бір рет пышақ сұғып алған. Салдарынан Полат асфальтқа отырып қалған, - дейді прокурор.
Оқи отырыңыз: Шерзаттың өлімі: сот отырысында айыпталушылар алқабилер сотынан бас тартты