Қызғалдақ жұлғандарға салынатын айыппұл көп емес пе - Бас прокурордың орынбасары пікір білдірді

Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, дамыған мемлекеттерде тәртіп бұзғандар айыбын қомақты ақшамен өтейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бас прокурордың орынбасары елімізде қызғалдақ жұлғандарға салынатын айыппұлға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сенат кулуарында журналистердің «бірінші рет заң бұзған адамға 12 миллион теңге айыппұл арқалату көп емес пе?» деген сауалына ол «заң баршаға ортақ» деп қана жауап берді.

Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, дамыған мемлекеттерде тәртіп бұзғандар айыбын қомақты ақшамен өтейді. Тіпті Еуропаның кей елдерінде қылмыстық істердің 90 пайызына жуығында қосымша ірі көлемде айыппұл қарастырылған.

Айта кетейік, Түркістан облысы Ордабасы ауданында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтан гүл шоғын жинаған әйелдің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, басы дауға қалған. Оған дала гүлін жұлғаны үшін 12 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін.

«Ол әйел айыппұл төледі ме, төлемеді ме, нақты білмеймін. Жағдайды зерттегеннен кейін шешіледі. Бірақ заңның аты заң. Егер заң бұзса, айыппұл салынады. Біз дамыған елдерді жиі мысалға келтіреміз. Білуімше, Швеция, Швейцария, Германия, Франция сияқты елдерде қылмыстық істердің 90 пайызына жуығында айыппұл салынады.  5-7 жылға сотталған адам қылмыстық жауапкершіліктен бөлек, қосымша ірі айыппұл төлейді. Ал Қазақстанда әзірге мұндай жоқ», – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

Оқи отырыңыз: ІІМ жүргізуші куәлігін ауыстыруға қатысты мәлімдеме жасады

Новости партнеров